Астаналықтар «Өзен әуендері» классикалық музыкасын тамашалауда

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай Астанада «Өзен әуендері» дәстүрлі классикалық кештері өтуде.
None
None

Бұл туралы елордадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайты хабарлады.

Кейінгі бес жылда «Өзен әуендері» классикалық музыка кеші елорда үшін тек дәстүрге айналып ғана қойған жоқ, музыканттар мен музыка әуесқойларының сағына күтетін мәдени оқиғаларының бірегейі десек артық айтқандық емес.

Сахна дәстүр бойынша Есіл өзенінің үстінде орнатылады. Осы жылы оның бейнесі екі жаққа ашулы бақалшықты еске түсіреді. Бұл үлгі мерекелік кешке романтикалық тартымдылық берері сөзсіз. Әр кеш сайын концерттен кейінгі уақытта сахна 3D-mapping стиліндегі бейнелерді жобалайтын нысанға айналады.

Өткен жылдары Есіл өзенінің үстіне орнатылған қалқымалы сахнада симфоникалық музыканың ең бір керемет бірегей концерттері қойылып, балеттік спектакльдер мен опера өнерінің жауһарлары орындалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум