Астаналықтар су басу туралы iKOMEK109 орталығына хабарласа алады​

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық тұрғындар су басу жайттары туралы iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарласа алады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астаналықтар су басу туралы iKOMEK109 орталығына хабарласа алады​

Ол үшін еріген суды тартып алуды қажет ететін жерлердің нақты мекенжайларын көрсетіп, фотоматериалдарды келесі тәсілдермен жіберуге болады:

1. Whatsapp iKOMEK109: +7-747-109-0-109
2. Telegram-дағы чат-бот арқылы: https://t.me/astanaikomek109_bot;
3. әкімдіктің ресми сайты: www.astana.gov.kz;
4. iKOMEK109 мобильді қосымшасы (AppStore/Google PlayMarket);
5. Smart Astana мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket);
6. 109@ikomekastana.kz-ке электронды хабарлама жіберу;
7. 109-ға қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефоннан тегін).