Астаналықтар тұрғын үй қатынастарын өздері таңдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың әрбір ауданында тұрғын үй-коммуналдық бағыт бойынша «Есіл-Өркен», «Сарыарқа-Өркен», «Алматы- Өркен» басқарушы компаниялары жұмыс істейді. Құрылтайшысы - «Өркен қала» ЖШС.
None
None

Жобаның басты мақсаты - оптималды тұрғын үй қатынастарын құру, тұрғын үй қорының жағдайларын жақсарту, тиімді меншік иесін қалыптастыру болып табылады.

Аталған басқарушы компаниялар - штатты ұстауға жұмсалатыын шығындарды азайтуға және ол қаржыны үйлердің тікелей қажеттіліктерін, атап айтқанда, инженерлік желілерді жөндеуге, абаттандыруға, жөндеуге бағыттауға арналған коммерциялық емес ұйымдар.

«Өркен қала» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандарында бірнеше айдың ішінде түсіндіру жұмыстары мен жиналыстардың нәтижесінде 10 көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер иелері Басқарушы компаниялардың қол астына өтуге келісімін берді.

Тұрғын үйлерді техникалық тексеру; экономикалыық талдау, шығындар сметасын жасау; пәтер иелерін экономикалыық талдау және техникалық тексерудің нәтижелерімен таныстыру; пәтер иелерінің жалпы жиналыстарында көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға және ұстауға жұмсалатын шыығындар сметасын бекіту сияқтыы шаралар бірнеше кезеңмен өткізілді.

Сонымен қатар, пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімімен тұрғын үйлердің сервистік қызмет субъектілері таңдалды. Тексеру қорытындысы бойынша жылу тораптары мен үй ішілік инженерлік желілер жөнделді. Үйлер жылыту маусымына дайын болды.

Жалпы үй мүлкін ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту үшін жөндеу жұмыстары ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бағдарлама операторы - «Өркен қала» ЖШС.

2015 жылы тұрғын үй қатынастарының жаңа моделін пайдалану мақсатында басқарушы компаниялардың өткен жылғы жұмысының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілмек.

Үй мүлкін басқарудың жаңа моделіне көшуге ниетті пәтер иелері «Өркен қала» ЖШС хабарласып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және тұрғындар дауыс беретін болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтынан.

Соңғы жаңалықтар