Астаналықтар учаскелік полицияға чат арқылы шағымдана алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың учаскелік полицейлері тұрғындармен чат арқылы байланыс орнатып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл тураы Нұр-Сұлтан қаласы полция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ашықтық, айқындық, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, халықпен кері байланыс орнату, құқық бұзушылықтың алдын алу – астаналық учаскелік инспекторлардың жұмысындағы басты басымдықтар. Қалада қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, абаттандыру ережелерін сақтау ісінде учаскелік, пәтер иелері кооперативтерінің және тұрғындардың бірлескен чаттары жақсы көмекші құрал болып отыр. Күн сайын учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар чаттарына профилактикалық ақпарат жариялап оытрады. Қала тұрғындарының проблемалары, тзаң бұзу туралы шағымдар осы чаттарда қаралады. Қысқа мерзім ішінде тұрғындар арасындағы өзара әрекеттесудің бұл әдісі өз нәтижелерін көрсетті», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Департамент өкілдерінің айтуынша, учаскелік инспектор чаттардан азаматтардың проблемалары туралы ақпаратты алып, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, тыныштықты бұзу, ұсақ бұзақылық сияқты заң бұзушылықтарды дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік алып отыр.
«Біздің аға учаскелік полицей, Өтеген Тастанқұлдың арқасында үйімізде тазалық пен тәртіп орнады. Ол барлық мәселелерге дер кезінде жауап береді, пәтерлерді аралап, тұрғындардың шағымдары мен ескертулеріне құлақ аса біледі. Чатта учаскелік инспектордың болуы және оның заңсыздықтарға тез әрекет етуі тұрғындарды да тәртіпке келтіреді екен. Біздің кіреберісте қоқыс та, темекі де болмайды», - дейді «Железнодорожный» тұрғын алабының тұрғыны.