Астаналықтар ҮИИДБ жайында не біледі?!

Мұнда ауыл шаруашылығы техникалары, әуе және автомобиль көліктері қойылған. Ашық аспан астында өткізіліп отырған көрменің басты ерекшелігі - экспозициядағы барлық өнім Қазақстанда жасалған. Өнім спектрі өте ауқымды. Мұнда «Агромаш холдинг» шығарған комбаиндар, Ssang Yong джип көліктері, «Ақтөберентген» АҚ-ның «МедКар-У» жылжымалы кешені, Hundai және KIA автомобильдері, КамАЗ жүк көліктері мен Беларусь тракторлары қойылған.
Осыған орай «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшілері елорда тұрғындарынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жайында не білетіндіктерін сұрап көрген болатын.
Кәсіпкер Мәйкен Смағұлов: «Президент ел алдында үлкен мақсаттар қойды. Қазіргі уақытта біздің мемлекетте өндіріс қарқын ала бастады. Зауыттар салынуда, Үкімет қыруар қаржы бөліп жатыр. Менің ойымша, мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы өзін ақтайды, біз ауқатты өмір кешуге тиіспіз».
Жүргізуші Қуандық Сейітжанов: «Қазақстан өзінің дамуын қарқындата түскен, бұл адамдардың әл-ауқатының жоғарылауынан-ақ сезінуге болады. Біз бақуатты өмір сүре бастадық. Мына көрмеге қараңызшы, мен шыны керек Қазақстанның автомобиль, ұшақ, автобус құрастыратындығын бірінші рет көріп отырмын. Корейлік Киа, Санг Йонг, Хундай көліктері тіпті керемет! Бағалары жапон, неміс көліктерінен арзан, бірақ сапасы олардан кем емес».
Мемлекеттік қызметші Жанель Үмбетәлиева: «Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бізге қажет уақытта, мемлекет жеткілікті ресурс пен әлеует жинаған тұста дер кезінде басталды. Мен әр кезде де Президентті қолдап келемін. Ол көреген және сарабдал саясаткер. Біз әрдайым сізбен боламыз, Нұрсұлтан Әбішұлы».