Астаналықтардың басым бөлігі сол жағалауда тұрғысы келеді - Зерттеу нәтижесі

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Астаналықтардың басым бөлігі Есілдің сол жағалауында тұрғысы келеді.

Астаналықтардың басым бөлігі сол жағалауда тұрғысы келеді - Зерттеу нәтижесі

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Менеджмент Жылжымайтын мүлік қоры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры  Айсұлтан Акчурин мәлім етті.  Тоқтала кететін жайт, «Менеджмент Жылжымайтын мүлік қоры» ЖШС еліміздегі жалға берілетін тұрғын үйлерді басқарудағы бірегей тәжірибеге ие компания болып табылады. Құрылыс саласындағы жаңа бағдарлама бойынша елімізде алдағы уақытта миллиондаған шаршы метр баспана берілетінін ескерсек, тұрғын үй қорын сақтап қана қоймай, оның ұзақ мерзімдегі тартымдылығын арттыру да  маңызды болмақ. Дәл осы проблемаларды анық айқындау мақсатында аталған ЖШС тарапынан зерттеу жасалған.

«Сауалнамаға қатысқандардың 87 пайызы өздерінің тұрғын үйлерін үлкейткісі келетінін көрсетті. Сондықтан да, аталған көрсеткіш өздерінің баспанасын үлкейту үшін бүгінгідей шарттармен төлемдер жасасуға келісетіндіктерін білдірді», - дейді «Менеджмент Жылжымайтын мүлік қоры» ЖШС директоры Айсұлтан Акчурин.

Сонымен қоса, сауал жасалғандардың басым бөлігі тұрғын үйлердің сапасына баса назар аудару қажеттігін айтқан. 44 пайызы пәтерлерінің ауданы 125 шаршы метрден жоғары болса деп көрсетсе, 27 пайызы 90 -125 шаршы метр, ал 35 пайызы 50-90 шаршы метрге дейін деп белгіледі.

«Негізінен сауалнама Астана қаласында жүргізілген болатын. Осыған орай, сұралғандардың 77 пайызы Есілдің сол жағалауында тұрғысы келетінін білдірді. Сондай-ақ олардың 56 пайызы құрылыс материалдарының экологиялық тұрғыдан сапалы болуы тиістігін атап өткен», - деді А. Акчурин.

Естеріңізге сала кетейік, аталған ЖШС «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және оның басты қызметі - тұрғын үй мен коммерциялық ғимараттарды жалға беру, жалға берілетін баспаналар қорын басқару.