Астаналықтардың дауыс беруімен еріктілер Сәкен Сейфуллиннің ескерткішін тазартады
АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Астанада 15 шілде күні «Біз таза қала үшін» жобасы аясында ерекше сенбілік өтеді.
Бұл жолы сенбілікке қатысушылар аталмыш жобаның сайтында оқырмандардың дауыс беруі арқылы іріктеп алынған мәдениет нысанын тазалайды. Бұған дейін мұндай шара 7 шілдеде Алматыда, 8 шілдеде Қарағанды және Шымкент қалаларында өткен болатын.
«Нысандарды «Біз таза қала үшін» жобасының сайтында 2 ай бойы жүргізілген дауыс берудің нәтижесі бойынша анықтадық. Алматыда «Әлия» мен «Мәншүк» ескерткішіне 12 732 адамның 4 231-сі дауыс берді. Қарағандыда «Шахтерлер даңқы» ескерткіші 8916 дауыстың 2537-сін жинады. Ал Шымкентте «Қабанбай батыр» ескерткіші 8916 дауыстың 2246 дауысын жинады», - дейді Юнилевер-Қазақстан компаниясының маркетинг директоры Екатерина Дмитриева.
Оның айтуынша, сенбілікке 70 адам қатысты. Оның ішінде Алматыда - 30, Шымкент пен Қарағандыда 20 адамнан. Ал Астанада дауыс берудің нәтижесі бойынша «Сәкен Сейфуллин» ескерткіші тазартылатын болды. Оны қолдап 8280 адамның 3113-сі дауыс берген. Оған кем дегенде 20 ерікті қатысады деп жоспарлануда.