11:59, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астаналықтардың қараша айындағы ең төмен күнкөріс деңгейі 19 мың теңге шамасында болды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада ең төмен күнкөрістің орташа деңгейі өткен аймен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеді.

Сонымен қатар өткен 2011 жылдың қараша айымен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайып отыр. Қазіргі кезде ол 19 170 теңгені құрайды., деп хабарлайды елорданың ресми сайты Астана қаласының Статистика департаментіне сілтеме жасап.
«Ең төменгі күнкөріс деңгейіне ет пен балық (24,5%), сүт өнімдері, майы аз өнімдер мен жұмыртқа (15,6%), жеміс пен көкөніс (10,4%), нан өнімдері мен жарма өнімдері (7,6%), қант, шай, дәмдеуіштер (1,9%) сатып алу шығындары енгізілген», - делінген таратылған хабарламада.