11:12, 26 Маусым 2012 | GMT +5
Астаналықтардың саны 755 мыңнан асып жығылды
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Астаналықтардың саны 755 мыңнан асты. Жыл басынан бері елордада 5 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Қалада туу деңгейі өсіп, өлім-жітім азайды.
Статистика департаментінің директоры Гүлнар Қоқанованың айтуынша, Астанада 14 жасқа дейінгі балалардың саны 171 мың адамды немесе тұрғындардың барлық санының 23 пайызын құрайды. Ал, еңбекке жарамды 15-64 жас аралығындағы халықтың саны - 523 мың немесе 70 пайыз. Қалған 6,3 пайызы еңбекке жарамды жастан жоғары азаматтардың үлесінде.
Ақпарат «Астана ақшамы» газетінің бүгінгі санында жарияланды.