Астаналықтарға қазақ тілін тегін оқу ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғындары мемлекеттік тілді тегін оқыту курсына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты .
Астана қаласының Тілдер дамыту басқармасы мемлекеттік тілді тегін оқыту курсына қосымша тыңдаушылар қабылдауды жалғастыруда.
Өтініштер 2017 жылдың 20 сәуірге дейін қабылданады.
Курсқа жазылу үшін 55-67-26, 55-67-21, +7747-146-53-71 телефондарына хабарласуға болады.