Астаналықтарға Toyota-ның жаңа үлгісі таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Астана Моторс» орталығында «Toyota Camry 70»-тің таныстырылымы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тың дизайн, эргономика, ерекше интерьер, инновациялық архитектуралық платформа, басқару мен қауіпсіздіктің жаңа стандарттары - бұның барлығы жаңа Camry 70-тің артықшылықтары. Toyota-ның инженерлері жобалаудың жаңа әдісі - TNGA (Toyota New Global Architecture) жаһандық модульдік архитектураны қолданды. Соның нәтижесінде көлік жүргізу кезінде адам ерекше рахат алады. Себебі көлік аэродинамикасы жақсара түсті, салонда сырттағы дыбыстар да естілмейді.
Жаңа Camry 70 салоны бұрынғысынан өзгеше. Осы жолы мүлдем басқа текстуралар мен жоғары сапалы материалдар қолданылды. Әзірше, клиенттерге Beige және Black түстері ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Tiger Eye өрнегімен әрленген салон да бар. Ал шанақ бояуының үш түрі ұсынылған. Олар - Midnight Emerald Blue (көк), Platinum White Pearl Metallic (седеп эффектісі бар ақ металлик) және Graphite Metallic (қарақошқыл металлик).
Көлікте үш ыңғайлы дисплей бар. Атап айтқанда, 10 дюймді түрлі-түсті проекциялық дисплей, 7 дюймді көпфункционалды ақпараттық дисплей, орталық консоль үстінде орналасқан Go навигациясымен қамтамасыз етілген 8 дюймді Toyota Touch® 2 мультимедилық жүйесі. Toyota Touch® 2 Go жүйесі 22 тілге аударылып отыр. Wi-Fi технологиясы да бар. Соның арқасында көлік ішінде онлайн қызметтерге смартфон арқылы қосылуға мүмкіндік бар. Нақты картографиялық ақпаратпен қамтамасыз етілген навигациялық жүйе қалалардың үш өлшемді үлгілерін, жолдағы жағдайды, апаттық қызметтерді шақыру мүмкіндіктерін көрсетіп отырады.



Автомобильдің бастапқы бағасы 8 970 000 теңгеден, ал ең танымал көлемі 2,5 л қозғалтқышты көліктің бағасы 10 240 000 теңгеден басталады.
Орталық директоры Марат Смағұловтың айтуынша, 2 литрлік комплектацияны ешбір қиындықсыз алуға болады. Ал 2,5 литрлік Camry-ге алдын ала тапсырыс беру керек. Аталған көліктер мамырдың соңында, я болмаса, маусымның басында келеді.
«Бүгіннен бастап 2,5 литрлік Престиж және Престиж + көліктерінің ресми сатылымы басталып отыр. Бұған дейін 2 литрлікті 9 адам сатып алып кетті. Негізі, сұраныс жоғары. Клиенттер күтеміз дейді. Бағасы да қымбат емес. Бұрынғы көліктермен салыстырғанда, үш-ақ процентке артық. Бас кезінде 8 процентке қымбат болады деген. Қазір күнде шамамен 5 тапсырыс түседі», - деп атап көрсетті М.Смағұлов журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, «Camry 70»-тің таныстырылымы екі қалада - Астана ме Алматыда қатар өтті.

