Астана аспанында отшашу атылды

салют
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Мұның алдында отшашу уақыты сәл ертерекке ауыстырылған болатын — 21:30-дан 22:30-ға дейін.

Дегенмен күннің суытуына байланысты фейерверк 22:33 шамасында ғана атылды.  

В Ботаническому саду столицы запустили салют
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
салют
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Отшашу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Отшашу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
В Ботаническому саду столицы запустили салют
Фото: Астана қаласының әкімдігі
В Ботаническому саду столицы запустили салют
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Отшашу
Фото: Астана қаласының әкімдігі
В Ботаническому саду столицы запустили салют
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабық тұрды. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Халық отшашуды іргелес аумақтардан, ботаникалық бақтың кіреберісінен, сондай-ақ «Ұлытау» скверінен тамашалады.

Бір айта кететіні, отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді.

Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр.

Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты — сағат 22:15 (22:30).

Соңғы жаңалықтар
telegram