Астананың шұғыл қызмет желілері қалпына келтірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желілері («101», «112») қайтадан іске қосылды.

тждж
Фото: Kazinform/Алтынай Сағындықова

«Елордалық шұғыл қызмет желілерінің «101» және «112» нөмірлері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті.

Бұған дейін байланыс желісі бойынша техникалық ақаулар туындап, желілер істемей қалған еді.

Ал қалалық нөмірлерден «101» және «112» нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігі сақталды.