Астананың сол жағалауында апаттан жарық сөніп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Астананың сол жағалауында бірқатар үй жарықсыз отыр. Қала әкімдігі жағдайды түсіндірді.

«Астана-АЭК» АҚ ақпараты бойынша, 15 шілде сағат 15:47-де «Олимп» қосалқы стансасында 10 кВ ажыратқыштары РП-262 жер қорғанысынан апаттық жағдайда ажыратылған.
Жер жұмыстарын жүргізу кезінде «Элмо» АҚ компаниясы 20 кВ-тық екі кабель желісін бүлдірді.
Кәсіпорын авариялық қалпына келтіру жұмыстарын өз күшімен жүргізеді.
«7 трансформатор қосалқы стансасында үй қажетіне арналған стационарлық дизель генераторлары автоматты түрде іске қосылды. Екі трансформатор стансасы үшін ДГУ-715кВА орнатылған» дейді Астана-АЭК.
Оқиғаға байланысты Р.Бағланова көшесіндегі 2, 4, 6, 6/3 және Тұран даңғылы бойындағы 55Е, 55, 55/1 үйлерде электр энергиясын беру шектелген.
«Шамамен екі сағат электр энергиясы болмайды» деп ескертті әкімдік кешкісін.