Елорданың сол жағалауындағы орталық көшелерде жол қозғалысы өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы Полиция департаментінің келісімі бойынша, бірнеше жол учаскелерінде, яғни Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертіледі.

Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде жол қозғалысы өзгереді
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

— 22 наурыз сағат 00:00–ден 06:00–ге дейін — эстакаданың парапеттерін құю бойынша бетон жұмыстарын жүргізу үшін Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айырығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;

— 24 наурыз күні сағат 06:00–ден 24.00-ге дейін — парапет қалыптарын демонтаждау үшін Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айрығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;

Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS

— 25 наурыздан 25 сәуірге дейін — Сығанақ көшесі бойында Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында, Түркістан көшесіне қарай 113-станциясының қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін екі жолақ ішінара тарылады және автожолдың бұрылыс бөлігінде екі бағытта шеткі сол жақ жолақтар жабылады;

Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS

— 23 наурыздан 23 тамызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 105-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

— 23 наурыздан 26 наурызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS

— 23 наурыздан 23 тамызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында Т. Рысқұлов көшесінен Н. Балғымбаев көшесі бағытында 107-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

— 23 наурыздан 30 наурызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесі бағытында 108-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS

— 23 наурыздан 5 маусымға дейін — Қабанбай батыр даңғылы бойында Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскесінде 109-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады.

Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS
Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS
Астананың сол жағалауындағы орталық көшелерде қозғалыс өзгермек
Фото: CTS

— Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, — делінген CTS хабарламасында.

Айта кетелік елорда автобустарында қазақтың ұлы тұлғалары туралы аудиоақпараттық хабарламалар қосылған еді.