Астананың тағы бір даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жол жөндеу
Фото: Астана әкімдігі

— Осыған байланысты, биылғы жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Астананың тағы бір даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін елордада бірнеше көшенің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылатынын жаздық.