Астананың Тәуелсіздік көпіріндегі қозғалыс ішінара шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Тәуелсіздік көпіріндегі қозғалыс асфальт төсеу жүргізілетіндіктен, ішінара шектеледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Движение на мосту Тауелсиздик частично ограничат в Астане
Фото: Астана қаласының әкімдігі

10-20 шілде аралығында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік көпіріне асфальт жабынның жоғарғы қабаты салынады. Учаскедегі қозғалыс ішінара шектеледі. 

«2023 жылдың қазан айында жолдардағы кептелісті азайту үшін Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік көпірінде жол жабынының төменгі қабаты арқылы өту қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылдың 10-20 шілде аралығында асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады», — делінген хабарламада. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар