Астананың желі Бас туды зақымдаған
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының әкімдігі рәміздер алаңындағы Бас мемлекеттік туға неге жамау түскенін түсіндірді.
«6 қарашада елордада күшті жел басталып, ҚР Мемлекеттік рәміздері алаңындағы туды зақымдады. Жаңа тудың қоймадан жеткізуіне дейін қолданыстағы жалауды ішінара қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бүгін Жаңа түске қарай жаңа жалау ілінді», - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Бұған дейін Түркістан облысында жыртық тудың желбіреп тұрған видеосы тараған еді.
Еске салсақ, Алматы облысы Талғар ауданындағы қоқыс полигонынан Мемлекеттік рәміздер табылған болатын.
Әкімдік қызметкерлері полигон алаңын тексерді. Тексеру кезінде аталған мемлекеттік рәміздердің жанында білім беру мекемесі — колледждің құжаттары бар екені анықталды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.