Астананы бақ-қалаға айналдырудың алғашқы нәтижелеріне биыл қол жеткізу қажет - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана бақ-қалаға айналдырудың алғашқы нәтижелеріне биыл қол жеткізу қажет. Бұл туралы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астананы бақ-қалаға айналдырудың алғашқы нәтижелеріне биыл қол жеткізу қажет - Президент

«Жарты жыл бұрын әкімдіктің алдына 5 жыл ішінде Астананы бақ-қалаға айналдыру міндетін қойдым. Бұл бағыттағы нақты қадамдар әлі де жеткіліксіз. Сіздің кеңесшіңіз болып тәжірибелі маман Ерлан Нысанбаев болып тағайындалды. Ол бұл тапсырманы шеше алады деп үміттенейік. Елорданы ауқымды көгалдандыру бойынша алғашқы нақты нәтижелерге биылғы жылы қол жеткізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Президенттің атап өтуінше, заманауи технологияларды қолдану маңызды.

«Айталық, жасыл желектерді суару әлі күнге дейін ескі әдіспен жүзеге асырылады. Тамшылатып суару қолданылмайды. Жұмыс әдістерін өзгерту керек. Әзірге өте қымбат бағалар бойынша шұғыл маусымдық жұмыстарға баса назар аударылады, бұл пропорционалды емес үлкен бюджеттік шығындарға әкеледі. Сонымен қатар қаланың сыртқы көрінісін ретсіз және қыр соңыңнан қалмайтын жарнамалардан туындаған «визуалды шу» да айтарлықтай бұзады. Бұл мәселе жергілікті биліктің бизнес-қоғамдастықпен ерекше назар аударуын және қажырлы еңбегін қажет етеді. Жалпы, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, елорданың келбеті мен абаттандыру мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін қажетті нормалар мен ережелерді әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар Астананың жаңа Бас жоспарында қала дамуының біртұтас және теңдестірілген көзқарасын ұсыну қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.