Астананы жайлылығы жағынан Сингапурға айналдыру қажет - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана өңірдегі ең жасыл қалаға айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Менің жасыл аймақтарды, саябақтарды, бақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлетіндігімді білесіңдер. Бұл өңірдегі Астананың бәсекелестікті басымдығы болуы тиіс. Біздің климаттың қаталдығына қарамастан қала жасыл болуы тиіс. Құрылыстан бос территориялардың барлығы да көгалдандырылуы керек. Калгари, Торонто қалаларының климаты Қазақстандағы сияқты ғой. Олар адамның өмір сүруі үшін барынша жайлы саналады. Демек қолдарынан іс келеді», - деді Н.Назарбаев. Осы орайда Елбасы қажеттілік туындайтын болса аталған қалаларға делегаттар жіберіп, олардың тәжірибелерін зерделеу қажеттігін де баса айтты. «Тіпті, келешекте Астананы жайлылығы жағынан мәселен, Сингапурға айналдыру қажет деген міндет қою қажет. Неге осындай міндет жүктемеске? Егер де біз осындай елорданы сала алсақ, біз ондай да тапсырманы шеше аламыз», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум