Астананың 1-4-сынып оқушылары бүгін сабақтан босатылды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Елордада қар жауып, күшті жел соғып, алай-дүлей боран соғып тұр. Соған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.
Желдің жылдамдығы 10-15 м/с құрайды, екпіні 18 м/с жетеді.
«Бүгін күннің суытуына және қатты желге байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді»,- деп хабарлады ведомстводан.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, елордада ауа температурасы түнде -3;-5°C, күндіз -2;-4°C болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран болады.