Астананың №1 қалалық ауруханасы ISO халықаралық сапа сертификатына ие болды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - № 1 елордалық аурухана Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес халықаралық сапа стандарттарын енгізу үстінде.

Астананың №1 қалалық ауруханасы ISO халықаралық сапа сертификатына ие болды

Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рейтингісін көрсететін басты факторлардың бірі денсаулық сақтау секторының даму деңгейі болып табылады. Осыған байланысты №1 қалалық аурухананың ISO халықаралық сапа сертификатын алуы өмірдегі өте маңызды жағдай болып саналады.

Сертификатталған аудитті TÜV Rheinland Group (ТЮФ Рейнланд Групп) тәуелсіз аудит қызметі ұсынған әлемдегі ең беделді компаниялардың бірі өткізді. Бүгінгі күні компания әлемнің 61 елінде өзінің 500-ге тарта өкілдігін ашқан. Қазақстан Республикасында оның ресми өкілдігі 2009 жылдан бері жұмыс істейді.

«Нәтижесінде 2012 жылғы желтоқсанда Астана қаласының № 1 қалалық ауруханасы сертификаттық аудиттен табысты өтті»,- деп хабарлады astana.kz сайтына аталған ауруханадан.

2012 жыл аурухана тарихына сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіру жылы болып енді. Өткен жылы көптеген құжаттар қайта қаралып, сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, жақсарту бағытындағы бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

ISO халықаралық сапа сертификатын салтанатты тапсыру № 1 қалалық ауруханада 11 сәуірде өтеді.