Астананың 10 жылдық мерейтойы бейнеленген «Жан жүрегім ? Астана» фотоальбомы жарыққа шықты

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астананың он жылдық мерейтойы бейнеленген «Жан жүрегім – Астана» атты фотоальбом жарық көрді. Бүгін елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжанов аталмыш кітаптің тұсауын кесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Альбомда 2008 жылы маусымның 30-ы мен шілденің 6-сы аралығында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралардың барлығы көрініс тапқан. Жүзден аса өткізілген шаралардың әр қайсысы 3-6 бетке орналастырылған. Кітапта «ресми іс-шаралар», «жаңа объектілердің ашылу салтанаты», «концерттік және театрлық алаңдар», «әлеуметтік жобалар», «спорттық шаралар», «жаңа саябақтардың, ескерткіштердің ашылуы» бөлімдері бар. «Жан жүрегім ? Астанада» елорданың он жылдығын тойлау кезіндегі қаланың айшықталып, көркейген көріністері бейнеленген. Тарихи құжат болып саналатын кітап қаланың барлық мектептеріне таратылады. Еліміз қалай дамып келеді, елордамыз қалай өркендеп келеді, бұның өзі ? кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге берері сөзсіз», дейді Ә.Рахымжанов. Фотоальбом 3 мың таралыммен ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жарық көрді.
Соңғы жаңалықтар