Астананың 11 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама «Арман-Астана» гала-концертімен аяқталады

денің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Бүгін Ақорда жанындағы амфитеатрда елорда күніне арналған «Арман-Астана» атты гала-концерт өтеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл гала-концертті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалайды деп күтілуде. Сонымен қатар, елімізге Астана күніне орай келген қадірлі меймандар да мерекелік кешті қызықтайтын болады.

 Астана қаласы ресми сайтының мәліметіне қарағанда, концертте Ұлы дала халқының бақыт, бейбітшілік, келісім жолындағы ұлы армандарын арқау еткен театрландырылған шоу ұйымдастырылады. Оның мән-мағынасында Астананың жетістіктері бейнеленеді.

 Шара барысында Астана тұрғындары мен қонақтары театрландырылған көріністермен қатар, Нағима Есқалиева, Рамазан Стамғазиев, Жәмиля Жарқымбаева, Ділназ Ахмадиева, Әльфия Каримова сынды өнер жұлдыздарының әндерін тыңдайды. Қазақстандықтармен бірге ән-шашуға шетел жұлдыздары да атсалыспақ.

 Жалпы елорда күніне орай қаланың бірқатар жерлерінде құрылған сахналар мен алаңдарда және мәдени орындарда өнерпаздардың қатысуымен ән-жырмен өрілген шаралар ұйымдастырылуда.  Атап айтқанда, бүгін қала төңірегінде "Арайлы әсем - Астана" атты мерекелік концерті, «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалі, "Астана-Арқау" түркі музыкасының фестивалі, "Астана - өркениет тарихында" атты көшпелі өркениет фестивалі, "Астанаға шашу" концерттік бағдарламасы, "Туған күніңмен - Астана!" жастар дискотекасы, «Астана таңдауы» фестивалі болады. Мерекелік шара елорда аспанын көмкерер от шашумен аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар