Астананың 20 жылдығына орай Бакуде салтанатты қабылдау өтті

БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде орналасқан Әзербайжандағы ҚР Елшілігінде Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай ресми қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астананың 20 жылдығына орай Бакуде салтанатты қабылдау өтті

Шараға Үкімет басшылары, депутаттар, Әзербайжанның іскерлік және қоғамдық орталардың өкілдері, сондай-ақ, елдегі дипломатиялық корпустың қызметкерлері қатысты.

Әзербайжандағы Қазақстанның елшісі Бейбіт Исабаев өз сөзінде Астана бой көтерген жылдары тек саяси, экономикалық және мәдени орталық қана емес, сондай-ақ, әлемдік және өңірлік деңгейдегі халықаралық іс-шараларды өткізетін орынға айналғанын айтып кетті.

«ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Қазақстанның астанасы өткізген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін атап өтпеске болмайды. Астана - ерекше сәулетімен көзге түсетін, Шығыс пен Батысты бір арнаға тоғыстырған қала. Бүгінде Қазақстанның өзіндік брендіне, ұлттық нышаны мен мақтанышына айналып отыр», - деді Б. Исабаев.