Астананың 20 жылдығына орай қазақстандықтар үшін бейнеқұттықтау байқауы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жастары үшін Астананың 20 жылдығына арналған бейнеқұттықтау байқауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Астананың 20 жылдығына орай қазақстандықтар үшін бейнеқұттықтау байқауы жарияланды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, Астананың 20 жылдығына арнап, жастардың үздік құттықтаулары үшін респбуликалық конкурс жариялады.

Конкурс екі тақырып бойынша өтеді. Бірінші тақырып - «Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтың ордасы!»/ «Астана - город мира и созидания» (Мемлекет басшысының ел ішінде және одан сырт аймақта бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған жаһандық сыртқы саяси және ішкі саяси бастамаларын насихаттауға бағытталған бейнероликтер).

Екіншісі тақырып - «Астана - жастар қаласы!»/ «Астана - город молодежи!» (Қазақстан жастарының жетістіктерін насихатауға бағытталған бейнеролик).

Конкурстың жүлде қоры 700 мың теңгені құрайды. Екі тақырып бойынша бірінші орынға берілетін жүлде 150 мың теңгені құрайды, сондай-ақ екінші орындардың жүлдесі 120 мың теңге, үшінші орындардікі 80 мың теңге болады.

Бейнематериалдың ұзақтығы 30 секундтан 2 минутқа дейін болуы керек. Байқауға қатысушылар өздерінің жеке және ұжымдасып атқарған жұмыстарын жібере алады. Әрбір қатысушы 1 ғана жұмыс жіберуге құқылы.

Конкурсқа 14-тен 29-ға дейінгі жас аралығындағы жастар қатысады.

Конкурсқа қатысуға өтініш 2018 жылдың 22 маусымынан 3 шілдесіне дейін қабылданады. 5 шілдеде конкурс жеңімпаздары марапатталады. Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің mailto:proekty.elzhastary@mail.ru электронды мекенжайына креативті құттықтау жолдау қажет.