Астананың 200-ге тарта үлескері көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның тарапынан дағдарысқа қарсы шаралар аясында құрылыс секторындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бөлінген қаржыны алғаннан кейін 3 айдан соң, BI Group компаниясы «Гүлдер» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады.
None
None

Ол үшін 450 млн.теңге игерілді, деп хабарлайды«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның баспасөз қызметі.

Ескі қалада орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде 190 пәтер бар, жалпы аумағы 11 мың шаршы метр. Бұл кешеннің 189 пәтері үлескерлердікі.
Құрылыстың материалы кірпіш, қабырғалардың қалыңдығы 69 см, дыбыссыз лифт орнатылған. Бірінші қабатында медициналық орталық, дүкен, жалпы тұрғындарға қажетті объектілер болады.

Үйдің ең егде тұрғыны, еңбек ардагері, 40 жылдық тәжірбиесі бар акушер-гинеколог Төлеутай Қабылдинаға пәтер кілтін «Самұрық-Қазына» Қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев тапсырды.

Бұған қоса Бақытжан Сәркеев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы және Жылжымайтын мүлік қоры секілді екі механизмді қолданады. Банктер арқылы Алматыдағы және Астнадағы бірқатар тұрғын үй кешендері, осы BI Group компаниясының объектілері аяқталып жатыр. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында құрылыс секторындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қор осы компанияның 8 объектісін қаржыландырды. Қордың «Қазкоммерцбанкте» мақсатты түрде салынған депозитінің есебінен 23,4 млрд.теңгеге 2 722 үлескердің қатысы бар үйлерге қолдау жасалынуда» деді ол.
Қор өкілі «Самұрық-Қазына» құрылысты аяқтау бойынша міндет алған объектілердің барлығы да уақытында беріледі деді.

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевтың айтуы бойынша, бұл қаржы холдингтің қалған объектілерін аяқтауға жеткілікті. Холдинг осылайша, Мереке-2, Шуақты қала-2, Байқоныс, Зерде және Достар-3 тұрғын үйлерін 2010 жылы аяқтамақ. Ал Лазурный кварталы, Сармат объектілері 2011 жылдың екінші тоқсанында аяқталады.
Үлескерлердің мәселесін шешумен қатар, нарықта 2077 пәтер пайда болады.
BI Group компаниясы қазіргі күні Астана қаласында жалпы аумағы 1 млн.шаршы метр болатын 10 мың пәтерді айналымға шығарды. Құрылыс саласындағы дағдарысқа қарамастан, компания жұмысын тоқтатқан жоқ. Дағдарыс басталғаннан бері 4000-ға жуық пәтер пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар