Астананың 25 жылдығы: Талдықорғанда 98 отбасы баспаналы болды

None
Фото: Жетісу облысының әкімдігі
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астананың 25 жылдығына орай Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мемлекеттік тұрғын үй қорынан 98 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорған қаласында 15 мың адам үй кезегінде тұр. Ендігі біздің міндетіміз – кезекте тұрғандардың санын екі есе қысқарту. Ол үшін жылына кемінде 1500-2000 шаршы метр үй беруіміз керек. Қуаныштарыңыз ұзаққа созылсын. Осы үйде өніп-өсіп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!», – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Талдықорған қаласында жыл басынан бері 280 адам баспаналы болды. Енді жыл соңына дейін тағы 1700 адам үй алады. Нәтижесінде 51 үй пайдалануға беріледі. Олардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, ардагерлер мен І-ІІ топтағы мүгедектер.



Соңғы жаңалықтар
telegram