Астананың 3 мыңнан астам медицина қызметкері алыс және жақын шетелдерде біліктіліктерін арттырды

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы елордада 4 105 медицина қызметкері біліктілікті жетілдіру курстарынан өтті. Бұл қаладағы маман медбикелердің жалпы санының 55 пайызын құрайды.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

Басқарманың мәліметі бойынша, 2012 жылы 3 032 медицина қызметкері біліктілік курстары мен Ресей, Беларусь, Литва, Австрия, Швейцария, Израиль Корея, Сингапур сияқты алыс, жақын шетелдерде алғашқы мамандану тәжірибесінен өтті. Оның 56,8 пайызы - дәрігерлер.

«Сондай-ақ, 2012 жылы алғаш рет біліктілігін көтеруге 129 медбике жіберілсе, олардың 24-і Литваның денсаулық сақтау ғылыми университетінде «Медбике ісі менеджменті», «Хирургиялық бейіндегі медицина бикесі қызметінің заманауи аспектілері», «Қазіргі амбулаториядағы медицина бикесі қызметінің заманауи аспектілері» циклдары бойынша оқу курсын тамамдады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Астана қаласы медицина мекемесінің 16 бірінші басшысы тәжірибе алмасу үшін Францияға (2), Финляндияға (4), Кореяға (4), Германияға (1), Швейцарияға (2), Сингапурға (1), Бразилияға (1) және Жапонияға (1) жіберілді. Халықаралық дәрежеде алған тәжірибелерін олар медицина мекемесіне енгізіп, медициналық қызметтің менеджменті мен сапасын арттыруға пайдаланады.

«Өткен жылы әлемге белгілі шетелдік мамандардың қатысуымен барлығы 8 шеберлік-сабағы өткізілді. Олардың аясында инновациялық әдістемелер қолданылып, 15 ота жасалды», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар