Астананың 5 076 жас отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 439 жас отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 2014 жылы 2-14 маусым аралығында Астана әкімдігіне ХҚКО арқылы өтініш жасаған, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астананың 5 076 жас отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысатын болды

2014 жылы 17 шілдеде Астана қаласының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында үйлерді қолданысқа беру бойынша отырыс өтті. Онда жас жанұялардың өтініштері қаралды.

Нәтижесінде 5 076 жас отбасы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болып, оларға тиісті ұпайлар тағайындалды.

Сондай-ақ, жас жанұялардың құжаттарын қарау барысында тұрғын үй комиссиясы бағдарламаға қатысу талаптарына жауап бермейтін 343 жанұяны анықтаған. Олардың өтініштері мақұлданбады.

«672 пәтердің кілтін беруге тұрғын үй комиссиясы бекіткен азаматтардың тізімі Астана қаласы әкімдігінің сайтында (astana.gov.kz), Астана қаласының тұрғын үй басқармасының сайтында (www.uzh.astana.kz) және БАҚ-та жарияланады, делінген хабарламада.