Астананың аспанында 3,5 мың отшашу атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада мерекелік отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астананың аспанында 3,5 мың отшашу атылды

Жаңа 2023 жылдың қарсаңында Астанада мерекелік отшашу өтті.

«Екі орыннан – Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары хан ескерткішінің жанында және Қабанбай батыр мен Бұқар жырау даңғылдарының қиылысындағы Ботаникалық бақта ұйымдастырылды.

Биіктігі: төменгі - 70 метр, орташа - 120 метр, жоғарғы - 180-210 метр. Барлығы 3,5 мың оқ атылды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кету керек, отшашу демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылды.