Астананың ауа тазалығын финдік технологиямен тексереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа тазалығын бақылайтын AQT-420 датчиктерін сынақтан өткізуге кірісті. Аталған финдік технология ЭКСПО-2017 көрмесі аясында таныстырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
Айта кеткен жөн, бүгінде Астанадағы ауаның тазалығын ресейлік қондырғылар бақылайды. Алайда осы санаттағы технологияның газ анализаторларын орнату үшін арнайы жер учаскесі керек. Сол жерге темір қорап орнатылады. Ал финдік датчиктердің басты артықшылығы сол, оны орнату үшін жер учаскесін бөлудің қажеті жоқ. «AQT-420»-ны кез келген жерге, тіпті бағанаға да бекітуге болады. «Датчиктердің дәлдігі 1-3 пайызды құрайды. Соның арқасында азот диоксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді және тағы басқа ауаны ластайтын заттардың концентрациясын өлшеуге мүмкіндік бар. Алайда финдік технологияның кемшіліктері де жоқ емес. Мәселен, қазіргі комплектацияда азот оксиді мен күкірт сутекті анықтау мүмкін емес. «Viasala Group» компаниясы жылдың аяғына дейін қосымша сенсорларды орнатып, аталған екі заттың концентрациясын да өлшеу функциясын енгізбекші. Сол кезде біз ресейлік және финдік технологияны салыстырып көреміз», - дейді «Қазгидромет» РМК зертхана басшысы Дана Аманбаева.
null 

Оның айтуынша, қосымша сенсорлар орнатылмай тұрғанда жаңа технологияның нақты бағасын айту қиын. Жылдың соңында екі компанияның өнімдерін салыстырғанда техникалық артықшылығына ғана емес, қаржылай шығындарына да баса назар аударылады.
null 

Дегенмен, қазірдің өзінде финдік технологияның тиімділігі анық байқалады. Біріншіден, датчиктерді кез келген жерде орнатуға болады. Екіншіден, оған энергия жұмсалмайды. Себебі аталған технология күн көзінен қуат алады.  
null 

Айта кетейік, жақында Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған теxнологиялардың ішінен 105 жоба іріктелгенін мәлімдеді. Соның ішінде ауа тазалығын бақылайтын финдік құрылғылар да бар . 

Соңғы жаңалықтар