Астананың ауасын ластап келген қазандықтың жұмысы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық сот астананың ауасын ластайтын химиялық жолмен тазарту казандығының жұмысын тоқтатты, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылы «Ас-Ай» ЖШС Астананың өнеркәсіп алаңы үшін қоршаған ортаға эмиссияның рұқсатын алған.
Елорда тұрғындарына кір жуу қызметін көрсететін «Ас-Ай» ЖШС-ның ғимаратында жеке қазандығы бар. Ол қазандық қатты отынмен жылытылады.
«Ас-Ай» ЖШС-нің ҚР қызметін жүзеге асыруға берілген шешімнің қолданыста болу мерзіміне қоршаған орта үшін эмиссияның рұқсатын беруге экологиялық талаптар мен нормалар қабылданды және осы талаптар мен нормаларды орындауды қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілген.
Алайда, «Ас-Ай» ЖШС-інде Астана қаласы бойынша Экология департаменті тексеру жүргізіп, ол жерден ауаны ластайтын заттардың нормадан жоғары екендігін анықтады.
Іс материалын зерделей отырып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Экологиялық кодекс нормалары қалпына келтірілгенге дейін «Ас-Ай» ЖШС-іне тиесілі қазандық қызметін тоқтатты.