Астананың айырбастау пункттерінде доллар бағамы 359 теңгеге, Алматыда 358 теңгеге дейін өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астананың айырбастау пункттерінде доллар сатудың максималды көрсеткіші 359 теңгеге, ал сатып алуы 354 теңгеге, Алматыда сәйкесінше 358 және 354,5 теңгеге дейін өсті.

Астананың айырбастау пункттерінде доллар бағамы 359 теңгеге, Алматыда 358 теңгеге дейін өсті

Мұндай мәліметтер kurs.kz және valuta.kz сайттарында көрсетілді.

Өз кезегінде, Қазақстан Халық банкінде доллар 356 теңгеден, Қазкоммерцбанкте 356,5 теңгеден,  БанкЦентрКредитте  356 теңгеден сатылады.

Кеше, Астананың айырбастау пункттерінде доллар 357 теңгеге дейін түсті, сатып алу бағамы өзгеріссіз - 353 теңге, Алматыда сәйкесінше 354,7 және 352 теңге болған.