Астананың бас полицейі жас инспекторларды республикалық байқаудағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров елордадағы  № 3 мектеп-гимназияда болды.
None
None

Ондағы басты мақсат - Жол қозғалысының жас инспекторы отрядын жеңістерімен құттықтау.

Еске сала кетсек, елордадағы аталған мектеп-гимназияның жас инспекторлары Бурабай қаласында өткен Республикалық слетте Жол қозғалысы ережелеріне қатысты сайыста бірінші орынды иеленді және ережені сақтауға қатысты үгіт жұмысын көрсетуде белсенділік танытқан болатын. Аталған байқаудың және бір ерекшелігі онда еліміздің барлық облысынан келген жас инспекторлармен қатар, ең үздік отряд титулын иеленуге Ресейден келген командалар да бақ сынасты.

Сондықтан да, ІІД бастығы Амантай Әубәкіров жеңімпаз атанған жас инспекторлар отрядының әрбір мүшесіне мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар