Астананың басқа аудандарына қарағанда, жедел жəрдем сол жағалауға тез жететін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жедел жəрдем қызметіне тиесі көліктердің 54 пайызы тозған. Тағы 20 көлік үнемі жөндеуді қажет етіп отырады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісімен əңгімесінде Астана қалалық жедел жəрдем қызметінің бас дəрігері Сапарғали Дүйсенов мəлім етті.

"Бүгін ашылған Орталық жедел медициналық жəрдем стансасы біздің қызметтің сапасын арттырары анық. Бұрынғы ғимаратымыз ескі еді, сондықтан, елордадағы жедел жəрдем қызметкерлері бұл ғимараттың ашылуын қатты күтті. Мекеме сол жағалауда орналасқан, сондықтан, сол жағалаудағы шақыруларға жедел баратын болдық",-дейді С.Дүйсенов.

Дегенмен, ҚазАқпарат тілшісі  сол жағалауға қарағанда, "ескі" қалада 103 көлігінің көп кешігетінін айтты. С.Дүйсенов бұл сұраққа қатысты келесі уəжін келтірді.

"Дұрыс айтасыз. Сол жағалау тұрғындарына қарағанда, 103 нөміріне ескі қала тұрғындарынан шақыру екі есе көп түседі. Бірақ, сəйкесінше, сол жағалаумен салыстырғанда, біз оң жағалауға екі есе көп көлік бөлеміз. Көшедегі кептеліс біздің жұмысты қиындатып тұр. Қаладағы 14 жедел жəрдем стансасының 10-ы - осы оң жағалауда орналасқан",-дейді С.Дүйсенов.

Жалпы, қазір қалада 87 бригада жұмыс істейді екен. 2017 жылдың сəуір айының соңына дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жəрдем қызметі үшін су жаңа 30 көлік сатып алмақ.

С.Дүйсеновтің айтуынша, қазір жедел жəрдемге тиесілі көліктердің 54 пайызы тозған. Тағы 20 көлік үнемі жөндеуді қажет етіп отырады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы жаңа жедел жəрдем орталығын аша отырып, қала əкімі Əсет Исекешев келесі жылдан бастап елордада жедел жəрдем шақыруға жеті минут та жетеді деп уəде берді.

Соңғы жаңалықтар