20:25, 25 Қараша 2015 | GMT +5
«Астананың» «Бенфикамен» кездесуіндегі футболшылар құрамы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» португалиялық «Бенфикамен» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші туры аясында өтетін матчындағы құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші минуттардан бастап, Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама(К), Мужиков, Каньяс, Твумаси және Кабананга ойнайды.
Еске сала кетейік, бұл кездесу бүгін, 25 қараша күні Қазақстан астанасының «Астана Арена» стадионында өтіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирде матчты «Оң-ТВ» «бұрынғы «ТАҢ») телеарнасы көрсетеді.
Қоса кетейік, «Бенфика» тоғыз ұпаймен «С» тобында көш бастап тұрса, екі ұпай алған «Астана» соңғы, төртінші қатарда орналасқан.