Астананың білім көрмесі ашылды
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы Конгресс-холл сарайында «Астананың білім кеңістігі» атты XI білім көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы іс-шара білім сапасын бағалау, мектепке дейінгі білім беру, халықаралық тәжірибе алмасу, көптілді және кәсіптік оқыту, орта білім беру саласын басқару, бәсекеге қабілетті ұстаз дайындау, мектептің ұлттық үлгісін қалыптастыру және техникалық білім беру сапасын көтеру бағыттары бойынша ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ бұл жерде оқытушылар мен оқушылардың кітап көрмесі ашылды.
Көрме тамыздың 25-сіне дейін жалғасады. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Астана қаласының білім басқармасы, Біліктілікті арттыру және білім жүйесі мамандарын даярлау институты, «Әділет» кәсіподағы.