Астананың бірнеше ауданында су құбыры жарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың бірнеше ауданында су құбырлары жарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың бірнеше ауданында су құбыры жарылды

«5 ақпанда диаметрі 300 мм болатын су құбыры жарылды. Мәңгілік ел даңғылындағы 8-тұрғын үйге су беру тоқтатылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сарыбұлақ көшесіндегі 48-тұрғын үйде де құбыр жарылған.

«Диаметрі 100 мм құрайтын су құбыры жарылған. Берел, Сарыбұлақ, Мәскеу көшелерінде, «Көркем» қонақүйінде су өшірілді», - деді баспасөз қызметі.

Иллюстрациялық сурет