Астананың бизнес орталықтары жаңа стандарттарға сай салынады

Қала билігі жаңа еуропалық стандартқа сай келетін ҚНМЕ-н (Құрылыс нормалары мен ережелері) енгізуді жоспарлап отыр. Соңғысы айтарлықтай жеңілдетіліп, өз кезегінде ғимараттын құрылыс құнына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орта Азиялық жылжымайтын мүлік форумында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты.
«Біз кәсіпкерлерге офистік үй-жайлардың шағын мөлшерлісін жалға беру жайын талқыладық. Және ҚНМЕ бойынша шектеулер бары анық, құрылысшыларға бұндай ғимараттар салу қиын. Яғни шаршы метрі аз, оған қоса жуынатын бөлме мен дәретхананың болуы, ол құрылысшы үшін белгілі бір қолайсыздықтар тудырады. Оларға осының барлығын құрылыс құнына енгізу керек. Жәнеде бұл жобалау барысына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені қазіргі заманғы ғимараттар мүлде басқа талаптарды қажет етеді. Жалпы біз еуропалық стандарттарды енгізуді қолға алуды көздеп отырмыз», - деп айтты М.Бектұрова.