Астананың ботаникалық бағы қашан пайдалануға берілетіндігі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елордада 10 саябақ салынады. Бұл туралы бүгін «Қала ДНК-сі: Қоғамдастық. Бизнес. Билік» бірінші урбанистік форумында елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың ботаникалық бағы қашан пайдалануға берілетіндігі белгілі болды

«Қазіргі уақытта қысқы жағдайларды ескере отырып, спорттық алаңдарды дамыту жоспарымен жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, қаланың барлық аудандарында спорттық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Исекешев.

Сонымен қатар қала басшысы елордада салынып жатқан ботаникалық бақ құрылысы жайында айтып берді.

«Ботаникалық бақ жобасы осы жылдың қыркүйек айында аяқталатын болады. Бүгінде негізінен жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асырылып жатыр. Аумағы 92 гектар. Ішінде 12 шақырым велесипод жолы, 13 шақырым жүгіру жолағы және көптеген спорттық нысандар мен балалар алаңы болады», - деді ол.

Елорда әкімінің айтуынша, Есіл өзенінің жағалауын дамыту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жаңалауда астаналық Арбат жобасы жүзеге асырылатын болады. Ал келесі жылы жағалауға жапсарлас көшелердің барлығы да дәл осындай ұстаныммен дамытылады.

«Тамыз айында саябақтағы жаңа жағалау амфитеатры құрылысын аяқтайтын боламыз. Жалпы бұл аудан жаяу жүргіншілерге арналған өте ыңғайлы, үлкен әрі тартымды болады», - деді Әсет Исекешев.