«Астананың» екі велошабандозы Италияда үздіктер қатарынан көрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия-2018» веложарысының үшінші аптасы басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА astanaproteam.kz сілтеме жасап.

«Астананың» екі велошабандозы Италияда үздіктер қатарынан көрінді

Апта басында Тренто және Роверето қалалары арасындағы 34,2 километр қашықтыққа дара жарыс болды.

16-кезең қорытындыларына орай «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес жалпы есепте 7-орынға ауысты.

Пельо Бильбао осы кезеңнің жеңімпазы, аустралиялық Роан Деннистен 1 минут 40 секунд артта келіп, мәреге 23-ші болып жетті. Бұл нәтиже оған жалпы есепте бір баған жоғарылап, 8-сатыға көтерілуіне мүмкіндік берді.