Астананың ең қымбат түнгі клубтарының бірі дау-дамайдың ортасында қалды - БАҚ

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Саяси бомонд пен жастардың сөзімен айтқанда, «сәнқой» қыздардың ең сүйікті жеріне айналған Астананың ең қымбат клубтарының бірі «Шоколад» дау-дамайдың ортасында қалды.

Астананың ең қымбат түнгі клубтарының бірі дау-дамайдың ортасында қалды - БАҚ

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газетіндегі (авторы Наталья Терентьева) «Кокаин в шоколаде» атты мақалада  жазылды.

 Көңіл көтеру орнына күдікті азаматтардың кіріп кетпеуін бақылауға міндетті қызметкер Нина Абрамчук кокаин мен экстаза тәрізді есірткілік заттарды жасырын таратып, тасымалдап, сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

 Қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол Чехияға есірткіге тапсырыс беріп, өзінің танысынан келуі тиіс орамхатты поштадан алуды сұраған. Осы қызметі үшін ақыны тауар сатылғаннан кейін төлейтінін айтқан.  Сол күні полиция қызметкерлері Нина Абрамчукты айғақты затпен ұстады. Абрамчук кокаинді өзінің жеке пайдалануы үшін алғандығын айтып, кінәсін мойындаған жоқ. Оның қорғаушысы соттың үкімімен келіспей шағым түсірді, алайда жоғары инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды.