Астананың ескі бомбадан қорғану ғимаратында тағы да өрт болды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Өткен жылдың ақпан айында болған өрт кезінде ТЖМ үш аға офицері қаза тапқан Астана қаласындағы ескі бомбадан қорғану ғимаратында тағы да өрт басталды.
ҚазАқпарат тілшісіне елордалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт туралы ақпарат шамамен кешкі бес кезінде түсті. Оқиға орнына Астана ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Ескі бомбадан қорғану ғимараты Достық көшесінде орналасқан. Ғимарат 1600 шаршы метрлік жерді алып жатыр.