Астананың футбол жанкүйерлері үшін арнайы автобустар жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК (Қазақстан) мен «Яблонец» ФК (Чехия) командаларының арасындағы ойынға баратын жанкүйерлерге үшін арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың футбол жанкүйерлері үшін арнайы автобустар жүреді

Полиция департаментінің хабарлайынша, сағат 20:00-ден бастап 22:00-ге дейін Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары бойынша жол учаскелерінде, Керей-Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін жол қозғалысына шектеу қойылады.

Астана Халықаралық әуежайына және қала маңындағы кенттерге қарай  жол жүруді жоспарлап отырған азаматтарға баламалы бағдарларды алдын ала таңдау ұсынылған.

Жанкүйерлердің жайлылығы үшін сағат 20:00-ден бастап «Қазақстан» СК (Қ.Мұңайтпасов көшесі) жанындағы көлік тұрағы, «Нұр Астана» мешітінің жанындағы көлік тұрағы (шығыс жағынан), астаналық цирктің көлік тұрағынан (Қорғалжын тас жолына қарайтын) арнайы рейстік автобустар жүреді.

Ойын аяқталған соң кері бағыттарда автобус бағыттары қарастырылып отыр.  



Фото: kazfootball.kz