Астананың Халықаралық әуежайына 23,6 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Халықаралық әуежайына 23,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.
None
None

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен мәлім еткендей, әуежайдың бірнеше келісімшарт жасауда заңсыз әрекеттерге барғаны анықталды. Атап айтқанда, мұнай өнімдерін сақтау үшін қолданылатын ыдыстарды жалға алу шарттары бұзылған. Сондай-ақ авиациялық отынды сатуға қатысты келісімдердің де ережеге сай орындалмағаны белгілі болған. 

Айта кетейік, Астана қаласының әкімшілік соты осы жылдың тамыз айында әуежайға айыппұл салу жөнінде шешім шығарған еді. Ал акционерлік қоғам басшылары мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Алайда Астана қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырып, әуежайды әкімшілік жауапқа тарту жөнінде шешім шығарды.   

Соңғы жаңалықтар