Астананың халықаралық әуежайына Назарбаев есімінің берілуі - Елбасы еңбегінің бағалануы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілуі Елбасы еңбегінің бағалануы. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың халықаралық әуежайына Назарбаев есімінің берілуі - Елбасы еңбегінің бағалануы

«Бүгін жақсы хабар келді. Елімізді, астананы құру еңбегін белгілеу ретінде Астананың халықаралық әуежайы Елбасының атымен аталды. Сондықтан бүкіл қазақстандықтарды құттықтаймын. Астананың халықаралық әуежайының Елбасы атымен аталуы Президентіміздің еңбегі. Елбасымыздың еңбегін бүкіл әлем біледі. Бұған қоса «ЭКСПО-2017» көрмесі де ойдағыдай өтіп жатыр. Сондықтан бүкіл халқымызды құттықтағым келеді. Елбасына зор денсауылқ, ұзақ өмір тілеймін», - деді сенатор.