Астананың қаржы полициясы жеке көлікті өз иелігіне аударып алғаны үшін бұрынғы учаскелік инспекторға қатысты қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – Астананың экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Астана қаласы Алматы аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы учаскелік инспекторына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлімі (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны) бойынша қылмыстық іс қозғады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағанындай, азаматтан бұған дейін алынған автомашинаны учаскелік инспектор өз иелігіне аударып алған. Полицей ер адамды көлікті жүргізуге және иелік етуге сенімхат беруге, сондай-ақ мәшинені сатқаны үшін 1,2 млн. теңге алғаны туралы қолхат жазуға мәжбүрлеген.
Соңғы жаңалықтар