Астананың келбетін ажарландыра түсетін ғылым, білім және өнер болуы тиіс - Мемлекет басшысы

АСТАНА. Шілденің 3-і.  ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астананың келбетін ажарландыра түсетін ғылым, білім және өнер болуы тиіс. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында  осылай атап өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Астана көшірілген кезде ол бұдан былай Қазақстанның ғылыми әлеуметтік орталығы болады деп жариялаған болатынбыз. Солай болып келе жатыр. Алда атқарылар жұмыстар көп», - деді Президент.

 Мемлекет басшысы  елорда болғаннан кейін қалада бірқатар халықаралық деңгейдегі университеттер, интеллектуалдық мектептер, өнер саласын дамыту тұрғысындағы бірқатар мәдени нысандар салынып, олар іске қосылып жатқандығын тілге тиек етті.

 Сондай-ақ Н. Назарбаев Астана денсаулық сақтау орталығына айналуға тиістігін қадап айтып, бүгінде бірқатар емханалар мен емдеу орталықтары салынғанын, солардың негізінде медициналық кластер құрылғанын жеткізді. «Астана елдің ірі мегополис орталығы болады», -деп атап өтті Президент.

Соңғы жаңалықтар