11:36, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Астананың кейбір аудандарында екі күнге ыстық су ажыратылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-30 сәуірде жылу магистральдарын тығыздылыққа сынауды өткізуге байланысты елорданың кейбір аудандарында ыстық су ажыратылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.
«Астана-Теплотранзит» АҚ 2014 жылдың 29-30 сәуірінде жылу магистральдарының тығыздылыққа сынауын өткізуге байланысты ыстық судың берілуі істен ажыратылатынын хабарлайды»,- делінген компания таратқан хабарламада. Атап айтқанда, Республика даңғылы, Әуезов, Мәскеу, Бейбітшілік, Дүкенұлы, Жангелдин, Торайғыров, Сейфуллин, Абай даңғылы, Отырар, Ғабдуллин, Кенесары, Желтоқсан, Рысқұлов, Бөкейхан, Иманов, Ағыбай батыр, Ғұмар Қараш, Қорқыт, Рамазан, Бараев, Омаров, Тархан, Айманов көшелеріне ыстық су берілмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК және ТК төрағалары осы кезеңде ыстық сумен қамтуды істен ажыратып, қызметкерлер құрамының кезекшілігін ұйымдастырулары қажет, дейді компаниядағылар.